«Нәтиже бар. Біз техникалық параметрлеріне, коммерциялық параметрлеріне қатысты нақты келіссөздер бастауды уағдаластық. Яғни, газ құны, құбыр тарту негіздемесін әзірлеу үшін қажетті газ тұтынудың ең төменгі көлемі туралы мәселелер қозғалады. Өткен аптада ғана «Газпром-экспорт» басшылығымен кездесіп, бұл мәселелерді талқыладық» - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев елімізде орын алған дизель тапшылығының басты себебін және нарықты тұрақтандыру үшін көрші елден 146 мың тонна дизель отыны экспортталғанын атағанын хабарлаған едік.