Ресейден келе жатқан жүк пойызының цистернасынан химиялық заттың төгілу фактісі тіркелді - Қызылорда облысы
деп хабарлайды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылардың мәліметтері бойынша, Ресейдің Химическая стансысында тиелген химиялық зат Өзбекстанның Ахангаран стансысына, Алмалық кен-металлургиялық комбинатына әкетіліп бара жатқан. Күзетке алынған цистерна қазір Қазалы теміржолстансысының тұйықжолында, арнайы алаңда тұр. Сұйықтың төгілу себебі анықталуда, төңіректегілерге ешқандай қауіп жоқ.
Флотореагентокасал химиялық затының түрлері сыр-бояу өнеркәсібінде, резеңке бұйымдар мен үлдір материалдары үшін пласификаторлар дайындауда, сулы негіздегі бұрғылау еріткіштерінің құрылымдық-механикалық және сүлгіштік қасиеттерін реттеу үшін мұнай ұңғыларын бұрғылау кезінде мұнай өнеркәсібінде пайдаланылады.