ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшиннің айтуынша, 2019 жылдың І тоқсанында комитет ет өнімдерінің 268 түрін зерттеген.
«Ет өнімдерінің 40 түрінде түрі бойынша спецификалық ДНК фрагменттері анықталды. Өнімнің қаптамасында оның бары туралы хабарланбаған. Ең бірінші кезекте, аталмыш фрагменттер үйдегі мал мен құс өнімдерінен табылып отыр. Сонымен бірге, кремді-кондитерлік өнімдердің құрамындағы белсенді биологиялық қоспаларға назар аударып отырмыз. Жеміс-жидектердің бәрі бақылауда. Ет өнімдері дегеніміз - шұжық және әлбетте, шикі мал еті. Осы ретте мал етінен алты түрлі антибиотиктің барын анықтадық», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
«Антибиотиктердің қалдық мөлшерін анықтау бойынша құрамын бақылау мақсатында ет консервілерінің, құс шаруашылығы өнімінің, сүт өнімінің 800 сынамасы зерттелді. Олардың ішінде 6 өнім сынамасында тетрациклин, левомецитин, бацитрацин анықталды. Бұл - РФ келесі өндірушілерінің өнімдері: «ФинИнвест», «Птицефабрика Среднеуральская», «Уральская мясная компания», Агрофирма «Боровская», «Здоровая Ферма Деликатесы»», - дейді Бекшин.
Айта кетсек, бұған дейін Жандарбек Бекшин тауар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанында жүргізілген жұмыс қорытындысын жариялаған болатын.