«Биыл геосаяси жағдайға қатысты инфляцияның жоғары қарқыны бүкіл әлем үшін проблемаға айналып отыр. Атап айтқанда, АҚШ пен Еуролық одақ соңғы 40 жылдағы инфляцияның рекордтық деңгейіне тап болды, яғни шамамен 10%. Ал, азық-түлік тауарлары үшін одан да жоғары деңгейде байқалды. Көрші елдерде де инфляцияның жоғары деңгейі тіркелді, шамамен 14% -15% болды», - деді Ә. Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың сауалына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, инфляцияның жоғары болуына энергетикалық ресурстарға, минералды тыңайтқыштарға, азық-түлік тауарларына бағаның өсуі және көлік логистикасының проблемалары ықпал етті.
«Біздің жағдайда Ресей Федерациясына импорттың күрт төмендеуіне байланысты РФ рублінің долларға және тиісінше теңгеге қатысты 30%-ға күрт нығаюы кері әсерін тигізді. Ресейден Қазақстанға келетін барлық импорт автоматты түрде 30%-ға қымбаттады. Ал, біздің жалпы импортта Ресейдің үлесі 40 пайызға жуықтайды. Бұл теріс факторлардың барлығын былтыр республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде болжай алмағанымыз анық», - деді Үкімет басшысы.