Ресейден көшкен қара шегірткелер жолындағыларды жалмап келеді

АСТАНА 16 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы «Республикасық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ мәліметтері бойынша шегіртке тектес зиянкестердің таралуы 1 977,36 мың гектарға яғни оның итальяндық прус түрі - 1 615,14 мың гектар, азиалық шегіртке - 224,26 мың гектар және марокко шегірткесі - 137,96 гектарға болжанған.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі күні шегірткенің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулер толық аяқталған. Ағымдағы жылдың ауа-райына, сондай-ақ Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарынан итальяндық прустың Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарына ұшып-қонуына байланысты аталған облыстарда болжамдалған өңдеу алаңдары ұлғайтылған.

Нәтижесінде 2012 жылы итальяндық прусқа қарсы химиялық өңдеулер 1 883,394 мың гектарда жүргізілді. Бұл жоспарланған өңдеулердің көлемінен 258,254 мың гектарға артық (Батыс Қазақстан облысы - 110,0 мың гектар, Ақтөбе облысы - 38,0 мың гектар, Қостанай облысы - 110,254 гекктар). Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен осы облыстарға өңдеулерді жүргізу үшін қосымша пестицидтер бөлінді. Сондай-ақ Ресеймен шекаралас аумақтар толығымен өңделді.

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, РФ-ның шекарасына дейін 700 шақырым, оған қоса Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында, Ресей Федерациясының Орынбор облысының шекарасына дейін 550 шақырым, азиялық шегірткенің таралуы орын алды. Аталған аудандарда химиялық өңдеулер толығымен аяқталған. Жоғарыда баяндалған фактілерді ескеріп, азиялық шегірткенің Қазақстан аумағынан Ресейге ұшып-қонуы мүмкін емес.         

«Сонымен қатар, Қазақстанның шекаралас аумақтарының мәліметтеріне сәйкес Ресей тарапынан химиялық өңдеулер жеткіліксіз көлемде және өте баяу жүргізілуде. Соның салдарынан шегірткелердің көпшілігі қанаттанған күйде және олардың Қазақстан аумағына жаппай ұшып-қону фактілері орын алуда. Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы  министрлігі Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрлігіне шекаралас аумақтарды өңдеу үшін шұғыл шараларды қабылдау қажеттігі туралы хабарлама хат жолдаған болатын»,-  делінген ведомство ақпаратында.