Ресейден Қырғызстанға табыттар тегін жеткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейден Қырғызстанға табыттар (жүк-200) тегін жеткізіледі. Бұл туралы Қырғызстан парламенті қабылдаған қаулыда көрсетілген.

Құжатта шетелде еңбек ететін мигранттардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар норма қарастырылып отыр. Бұл туралы КирТАГ бейсенбі күні Жогорку Кенешінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.  

Құжатқа сәйкес, үкіметке ішкі және сыртқы миграция бойынша мемлекеттік органның өкілеттілігі мен дәрежесін көтеру, өңірлік құрылымдар құрылмақ.  Сонымен қатар Мәскеуде және Ресейдің өзге қалаларында мемлекеттік көші-қон қызметі өкілдігінің ашылуы бойынша жұмысты жеделдету  ұсынылды. Бұдан бөлек, Мәскеудегі Қырғызстанның ІІМ өкілділігінің материалдық-техникалық базасы нығаяды және штаттық саны артады.

Мемлекеттік көші-қон қызметінің ақпаратынша, 2015 жылы Қырғызстанға шетелден - 314, ал 2016 жылдың 7 айында 171 адамның мәйіті жеткізілді.