Ресейден ұрланған көліктер Қазақ-Өзбек шекарасында ұсталды

Фото: None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Шекарашылар Ресейде жоғалған автокөліктерді Өзбекстанға асырмай, ел шекарасында ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.

Өткен түнде Сарыағашшекара жасағының «Қапланбек авто» бөлімшесінде Өзбекстанға қарайөтпек болған «Тойота Rav 4» автокөлігі ұсталды.

«Тексеру кезінде оның Ресей Федерациясында іздеуде жүргенавтокөлік екені анықталды. Көліктің жүргізушісі 1976 жылы туған Тәжікстаназаматы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды» делінгенхабарламада.

Арада екі жарым сағат өткенде Өзбекстанға бет алған тағыбір «Тойота Rav 4» автокөлігі қолға түсті. Ол да Ресей аумағынан ұшты-күйлі жоғалған. Оның жүргізушісі 40 жастағы ресейлік те полицияқызметкерлеріне табысталды.

Соңғы жаңалықтар