Ресейден жеткізілген 120 тонна өнім кері қайтарылды
13:44, 13 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейден жеткізілген 120 тонна өнім кері қайтарылды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Әбуәли Әлібек айтты.
«22 ақпан мен 9 наурыз аралығында карантинге жатқызылған 120 тонна өнім Ресей Федерациясына қайтарылды. Оған Қазақстанның және Еуразиялық экономикалық одақтың фитосанитарлық заңнамасын бұзу себеп болды. Бұған қоса, 3-7 наурыз аралығында Қырғызстанға 23 тонна карантинге жатқызылған өнім қайтарылды. Оған да жоғарыдағы себеп түрткі», - деді ол.