«Өкінішке орай, бұл тудың түпнұсқасы тіркелген, тарихи құжат болып табылады. Сондықтан олар бізге тудың көшірмесін берді. Біз арнайы делегация ұйымдастырып, олар Волгоградқа барып, біраз жұмыс жүргізудің арқасында осы жауынгерлік қызыл туды алып келдік», -деді «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов.
Дивизия 1941 жылы Ақмола қаласында жасақталған. Оның жауынгерлері Сталинград түбіндегі ұрыстарда өшпес ерлік көрсеткен. Өткен жылы дивизия туын «Іздеу» тобының мүшелері тапты. Астанаға алып келгенше ол батыр қала Волгоградтың «Мамаев қорғаны» мұражайында сақталды.
Акцияны ұйымдастырушылар осы оқиғаны - жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру жолындағы тағы бір қадам деп санайды. Сондықтан олар үшін оның өшпес тарих болып қалары сөзсіз.
Енді 72-ші гвардиялық дивизияның Жауынгерлік Туы Астананың Әскери Даңқ мұражайына тапсырылды. Онда ол мәңгілік сақталатын болады.