Эстафеталық жүгіруден ресейлік квартет қашықтықты 42,31 секундта еңсерген. Екінші орынды бельгиялық (42,54), үшінші - нигериялық (43,04) иеленген. Енді төртінші орында болған Бразилия командасы қоланы олжалайды.
Бұдан бұрын ХОК Бейжіңде, Лондонда өткен Олимпиада ойындарында алынған сынама допингті қайта тексерудің екі толқынын жүргізген. Нәтижесінде 1243-тен 98 үлгі (60 бейжің, 38 лондон) оң нәтиже көрсеткен. 14 ресейлік спортшы қайта тексеруден өткен жоқ.