Ресейдің 100-ге тарта авиакомпаниясы қара тізімге ілікті

МӘСКЕУ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Еуроодақ жаңа экологиялық нормаларға сәйкес келмейтін авиатасымалдаушылардың халықаралық тізімін жариялады.


 «Еуропалық одақтың ресми газетінде» жарияланған тізімге Ресейдің 100-ге тарта авиакомпаниясы ілікті, оның ішінде «Аэрофлот» компаниясы да бар. Бұл тізімде барлығы 4 мыңға тарта ұйымдар енгізілген, олардың ішінде АҚШ пен Еуропаның өзінен де ірі тасымалдаушылар бар, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Барлық аталған компаниялардың 2012 жылға дейін уақыты бар - нақ сол жылдан бастап авиатасымалдаушылар атмосфераға көмірқышқыл газын азайтуға міндеттейтін жаңа норма күшіне енеді. Бұл мерзімге үлгере алмағандарға айыппұл санкциялары қолданылады, бірқатарына Еуроодақ елдеріне ұшуға тыйым салынуы мүмкін.