Мәдени шараны Астраханьдағы «Жолдастық» қазақ мәдени қоғамы ұйымдастырды. Оған Астраханьдағы Қазақстан Республикасының консулы А. Сыздықов, Ресейдің Волгаград, Қалмақия, Саратов және Тюменьдегі қазақ этномәдени берлестіктерінің жетекшілері, «Жолдастық» қоғамының мүшелері, қаладағы мемлекеттік органдардың, ЖОО, ұлттық-сәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
«Ақмарал» би ансамблі би билеп, Жамбыл Жабаевтың туындылары орындалды.
Кеште Жамбылдың өмірінің түрлі кезеңдері мен творчествосына қатысты мұрағаттық видеожазбалар көрсетілді.