Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрі Елена Скрынник Кеден одағы Агроөнеркәсіптік бірлестігінің Бақылау комитетін басқаратын болады

НКТ-ПЕТЕРБОР. 27 шілде. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрі Елена Скрынник Кеден одағы Агроөнеркәсіптік бірлестігінің Бақылау комитетін басқаратын болады.

Одақтың Агроөнеркәсіптік бірлестігінің құрылтай жиналысы осындай шешім қабылдады, деп хабарлады РФ Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Құрылтай жұмысына Беларусь Республикасы ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің бірінші орынбасары Надежда Котковец, Қазақстанның Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сақташ Хасенов, Кеден одағына мүше үш елдің салалық одақтары мен агроөнеркәсіптік кешен қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Жиналыста сондай-ақ РФ Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес Төрағасының жетекшілігімен Бірлестіктің құрылтайшы құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Кеден Одағы Агроөнеркәсіптік бірлестігінің бірінші съезі ағымдағы жылдың қазан айында өтеді.