Ресейдің Бас консулы күншығыс елінде мерт болды

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Ниигатадағы Бас консулы 55 жастағы Владимир Пушков Жапонияда қаза тапты.

Бұл ақпаратты ресейлік «Новости» ақпарат агенттігі Жапониядағы Ресей елшілігіне сілтеме жасап хабарлады.

Бірнеше достары және қызметтестерімен табиғат аясына шығып демалып жүрген В.Пушков волейбол добын аламын деп тік жардан құлап кетті. Ал оны құтқармақ болған вице-консул Роман Колесник жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.