Ресейдің Бас санитарлық дәрігері балалардың Ұлыбританияға сапар жасауларына тыйым салды

АСТАНА.  Шілденің 28-і. ҚазАқпарат -  Ресейдің Бас  санитарлық дәрігері   Геннадий  Онищенко  А  тұмауының таралуына байланысты,    балалар  топтарының   Ұлыбританияға    баруларына  тыйым  салды,

деп   хабарлайды ҚазАқпарат   РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Оның айтуынша,  A/H1N1 тұмауына қатысты  жағдай  бойынша  Ұлыбритания  Еуропадағы  ең   жайсыз  ел   болып  қалуда. «Балалардың   бірде-бір тобын    тамыз  айында  Ұлыбританияға    жібермеу туралы   нұсқауға қол қойдым»,-  деп  мәлім етті   Ресейдің  Бас санитарлық  дәрігері  өз сөзінде.

Мысал ретінде   Екатеринбургтағы  оқиғаны   келтірген     Бас санитарлық дәрігер,  Ұлыбританиядан  ағылшын тілін  үйреніп қайтқан жергілікті мектептердің    24 оқушысының 14-і  қазір  ауруханада  жатқанын    мәлім етті.

Г.Онищенко  сондай-ақ,  Ресейде    доңыз тұмауымен  ауырудың 28 оқиғасы   расталғанын      хабарлады.

Бірақ  та, Г.Онищенконың  мәлімдемесіне  Думадағылар таңданып  отыр.   Заң  шығару жөніндегі комитеттің басшысы Павел Крашенинников,  заң  бойынша    елдің Бас санитарлық дәрігері    шекараны жаба алмайтынын және   ресейліктерге  елден шығуға  тыйым  сала алмайтынын   атап көрсетті.   Депутаттың айтуынша,  ондай шешімді  парламент  қана қабылдайды, ал      Бас санитарлық  дәрігер      қалыптасқан ахуал   туралы үкіметті   хабардар ете алады,   оны  шешу  жөніндегі  шешімдерді   ұсына алады.   Ал жоғарыдағыдай    нұсқауды  өз бетінше  беруге  оның  өкілеттігі   жоқ,  дейді  депутат.