Ресейдің бас санитарлық дәрігері футбол жанкүйерлеріне Уэльстегі ойынға бармауға кеңес берді

АСТАНА.  Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат -  Ресейдің  бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко,    ел құрамасының  футбол жанкүйерлеріне   2010 жылғы  әлем  чемпионатының  іріктеу  турнирі аясында     Уэльс командасымен өтетін  ойынға   бармауға кеңес  берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Маяк»  радиостансасына сілтеме  жасап.

Ойын   қыркүйектің 9-ында Каридиффте  өтеді.  Онищенконың айтуынша,   Ұлыбританияда А/H1N1   тұмау вирусының   эпидемиялық      көрсеткіші   тым  жоғары.    Тұмау  нағыз    өршіген  тұста     ол жаққа   барудың  қажеті  жоқ.    Бас санитарлық дәрігер,    А/H1N1   тұмауымен ауырған  ресейліктердің  көбісі  вирусты   дәл осы Ұлыбританиядан  жұқтырып келгендерін  еске салып отыр.

Футбол  матчы кезінде  стадионға      көп  адам жиналады.  Олар     жай    қарап отырмай, эмоцияларын айқайлап  білдіреді,   ал бұл жағдай  А/H1N1   тұмауын  жұқтырудың ықтималдығын   арттырады.