Ресейдің білім министрлігі ұялы телефондарға соғыс жариялады

None
АСТАНА.  Желтоқсанның  26-сы. ҚазАқпарат -    Ресейдің білім    министрлігі     Бірыңғай мемлекеттік  емтихан  кезінде    ұялы  телефондарды қолдануға  жол бермес  үшін  айрықша    шаралар   қабылдайды. 

Бұл туралы     журналистерге ведомство басшысы Любовь Глебова   хабарлады  Министр    ханым,   тыйым салу  туралы     құжат  әзірленіп біткенін,  бірақ    арнайы  президенттік    комиссиясының  жұмыс  қорытындысы  бойынша  ведомствоға    құжатты нақтылай  түсу керектігі  туралы    пәрмен түскенін    нақтылады,  деп  хабарлайды «Маяк»  радиосы,

Глебова   ханымның пікірінше,  бұл шара  «емтиханның  нәтижелеріне  деген сенімді  арттырады».    Ұялы  телефондарды    қолдану биылғы емтихан  кезінде   ең көп орын  алған   факті  болды.    Оқушылар    аудиторияларға кірерде  бір  ғана аппаратты  тапсырып, екіншісін  ішке   алып өтуге  дәніккен.