Ресейдің бірнеше өңірінде 47 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

ЕКАТЕРИНБУРГ. ҚазАқпарат – ТАСС – Алдағы үш күнде РФ Орал федералдық округінде қар жауып, күн суытады. Ямало-Ненец автономдық округінде жексенбі күні түнде минус 47 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Свердлов облысында 17 желтоқсанда күн бұлттанып, кей жерлерде қар жауады. Кей аудандарда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -4, -9, күндіз -1, -6, таулы аудандарда -13 градус болады», - делінген Орал гидрометорталығының хабарламасында.

Жексенбіге қарай өңірде түнде минус 25 градус, күндіз минус 24 градусқа дейін аяз болады, қар жаууы мүмкін.

Об-Еріс гидрометорталығының мәліметінше, Тюмень облысында жексенбі күні түнде минус 22 градусқа дейін төмендейді, қар жаууы ықтимал. Юграда жексенбі күні түнде минус 30-35 градусқа дейін төмендейді, аздап қар жауады. Ямало-Ненец автономдық округінде қатты суық болады, мұнда түнде ауа температурасы минус 22-ден минус 38-47 градусқа дейін аяз болады. Аздап қар жауады, желдің екпіні 14 м/с-ке дейін жетеді.