Ресейдің Челябі облысында ұшақ апатқа ұшырады: 8 адам қаза тапты

АСТАНА. Желтоқсанның  14-і. ҚазАқпарат -  Ресейдің  Челябі облысындағы Коркино     қаласының    маңында    жексенбі күні  таңертең   ұшақ апаты  орын  алды.

СМ-92 типіндегі  шағын ұшақтың  бортында      әуе кемесінің командирі  және   жеті парашютші  болған,  олардың барлығы  қаза тапты,   деп хабарлайды РБК агенттігі.

 РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Челябі    облысы  бойынша  басқармасынан   хабарлағандай,  ұшақ  жерглікті уақыт  бойынша сағат 11.02-де,  Калачево  әуежайынан  көтеріле  бастаған  кезде құлаған.

 Жекеменшік  ұшақтың апатқа ұшырауы  бойынша  қылмыстық іс қозғалып  отыр. Тергеушілердің  пайымдауынша, апатқа   техниканың   істен  шығуы немесе   ұшқыштың   қателігі себеп болуы ықтимал. Бірақ  та, штурвалды бұрын  әскери ұшқыш болған,  тәжірибелі  ұшқыштың  басқарғаны  хабарлануда.

 СМ-92 ұшағы -   жеңіл моторлы ұшақ,  Смоленск   авиақұрылыс   зауытында шығарылады.   Ұшақ   6-8 жолаушыны   немесе 600  келі жүкті   тасымалдауға арналған.