Ресейдің Экономикалық даму министрі $2 млн. пара алды деген күдікпен ұсталды
Тергеу комитеті сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Улюкаев 2016 жылы 14 қарашада "Роснефть" компаниясына оң баға бергені үшін 2 миллион доллар көлемінде пара алған. Осының арқасында, "Роснефть" "Башнефть" акциясының мемлекеттік пакетін иелену туралы келісімді бекіткен.
«2016 жылы 15 қарашада Ресей федералды қауіпсіздік қызметі жүргізген кешенді жедел шара қорытындысы бойынша РФ Тергеу комитеті аса маңызды істерді тергеу жөніндегі Бас тергеу басқармасы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевке қатысты қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.
Алексей Улюкаев ұсталды, Тергеу комитеті жақын арада оған айып тағып, бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш жазуды жоспарлауда. Интерфакс дереккөзге сілтеме жасай отырып, Улюкаевтың пара алу кезінде ұсталғанын хабарлады.