Ресейдің экс-премьері Евгений Примаков дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ экс-премьері, бұрынғы СІМ басшысы Евгений Примаков 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлады РИА Новости.

«Президентке Евгений Максимович Примаковтың қаза болғаны туралы баяндалды, президент Евгений Максимовичтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты», - деді Ресей мемлекеті басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Оның айтуынша, Путин Примаковты жақсы білетін, оның серіктерінің бірі болды. «Ол мемлекет қайраткері, ғалым, саясаткер болды, артына өте үлкен мұра қалдырды», - деді Песков.

Евгений Примаковтың көз жұмғанын оның немересі растады. «Иә, солай. Бұл қайғылы оқиға бүгін болды», - деді Евгений Сандро.