Ресейдің футболдан ұлттық құрамасы таратылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко футболдан ұлттық құраманың таратылғанын мәлім етті. Бұл туралы Lenta.ru жазады.

«Құрама жоқ, ол таратылды», - дейді Мутко.

Министр, сондай-ақ, Леонид Слуцкий ЦСКА жұмысына назарын шоғырландыруды жөн деп тапқандықтан, қазіргі сәтте ұлттық қоманданы жаттықтыратын жаңа бапкер іздестіріліп жатқанын айтты. Ол адам жаңадан құрама жасақтауы тиіс болады.

Айта кетейік, 17 шілдеде РФ президентінің әкімшілігіне Артем Хасанов есімді автордан спорт министрлігінің қарауына ұлттық құраманы тарату туралы петиция түскен болатын.