Амур аймағындағы мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық парктердің бірлескен дирекциясының мәліметіне қарағанда, ұлттық паркте өрт жексенбі күні басталған. 790 және 265 га аумақта өрт ошақтары пайда болды.
«Алғашқы екі ошақ- батпақты жердегі өрт сөндірілді. Тағы бірі - шамамен 1 мың га алқапты қамтыған, мұнда шөп өрті тұтанды», - делінген хабарламада.
Аню ұлттық паркі Орталық Сихотэ-Алиняның Батыс беткейінде, Амурдың оң жақ үлкен саласы - Аню өзенінің бассейнінде орналасқан. Бұл аймақтағы балқарағай-жапырақты ормандар Гималай аюларын, қоңыр аюларды, қызыл аюды, қабан мен жолбарысты тамақпен қамтамасыз етеді. Жыртқыштар тіршілік ететін аумақ ұлттық саябақтың үштен екісінен асады. Ал саябақта шамамен 12-15 жолбарыс мекендейді.