Ресейдің Хабаровскі аймағында китке ТЖМ тікұшағы көмекке шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Хабаровск өлкесінің құтқарушылары мінген төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы өзен сағасында қалған гренадтық китті құтқаруға шықты. Бұл туралы өңір бойынша ТЖМ бас басқармасының баспасөз қызметінде хабарлады, деп жазды бүгін utro.ru.

«Таяуда Үлкен Шантарға құтқарушылармен бірге Қиыр Шығыс өңірлік іздестіру-құтқару отрядының ұшағы мен ТЖМ-нің жедел тобы жетеді», - деп хабарлады «Интерфаксқа» ведомстводан.

Ведомствода китті ұлттық саябақ қызметкерлері мотопомпаның көмегімен құтқаруға тырысып жатқаны айтылды. Киттің өзі бұғаудан өз еркімен шығуға тырысуда, алайда әзірге нәтиже жоқ.

Бұдан бұрын Хабаровск өлкесіне Үлкен Шантар аралында өзен сағасында гренландтық киттің қалып қойғаны хабарланған .

Фото : Сергей Доля