Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Boeing-737 әуе кемесімен тұрақты рейстерді 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Ресейдің «Северный ветер» әуе компаниясы жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Калининград бағытында сенбі күндері, Алматы – Калининград бағытында бейсенбі күндері ұшады.
Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.