«Қазіргі уақытта Кемерово қаласындағы сауда үйінде болған өрттен 37 адамның қаза тапқаны нақтыланды» деп хабарлайды ведомство телеграм-каналда.
Үйіндіні аршу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Бұған дейін өрт сөндіру жедел штабы да 37 адамның ажал құшқанын мәлім еткен болатын. Одан бөлек тағы 43 адам жапа шеккен.
Өрт сауда үйінің соңғы 4-қабатынан шыққан. Ғимараттан 20 адам құтқарылды, тағы 100 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Соңғы мәлімет бойынша, тілсіз жау ауыздықталған. Өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған.
Фото: © Данил Айкин/ТАСС