Ресейдің көрнекті қайраткерлері «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалін алды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бірқатар көрнекті ресейлік ғылым және экономика қайраткерлері «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Наградаларды Ресей Федерациясындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин тапсырды.

 «16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Президент Жарлығына сәйкес ресейлік мәдениет, ғылым, экономика қайраткерлерін, РФ аумағына баратын Қазақстан азаматтарын Қазақстанды, екіжақты экономикалық және саяси қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттауды тапсырды», - деді Елші.

 «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий, ресей тауар өндірушілері одағының президенті Олег Сосковец, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері Тайыр Мансұров марапатталды.

 «25 жылда Қазақстан таңқаларлық нәтижеге қол жеткізді. Әлемдік қоғамдастықта Президент беделді және ықпалды саясаткер ретінде танылды», - деді Т. Мансұров.