Ресейдің Краснояр өлкесінде оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар тоқтады

АЧИНСК. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Краснояр өлкесіндегі әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Екі сағат бұрын жарылыстар естіліп жатқан еді, қазір -жоқ. Жарылыстар тоқтады», - деп мәлім етті агенттікке Ачинск қаласыәкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 5 тамыз күні Краснояр өлкесінің Ачинскауданында артиллериялық снарядтарға арналған оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Жарылыстарсалдарынан 11 адам зардап шекті. 20 шақырым радиуста халықты эвакуациялаутуралы шешім қабылданды. Ал Ачинск ауданының аумағында төтенше жағдай режіміенгізілді.