Алдын-ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 15 адам зардап шеккен, бірнеше адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды РБК агентігінен.
Монастырлардың бірінен Санкт-Петербор жаққа қайтып бара жатқан мінәжат етушілер мінген Volvo автобусы жексенбі күні Новая Ладога - Зуево жолының 108-ші шақырымында Волхов ауданы тұсында Daewoo Matiz көлігімен соқтығысып қалған. Жеңіл көліктің рулінде отырған әйел екінші кезектегі жолдан шыға берісте автобусқа жол бермеген. Автобус жүргізушісі соғысудан қашып, жолдың шетіне аударылған. Органның мәліметтері бойынша, апат кезінде автобуста 45 адам болған.