Ресейдің Мәдениет министрлігі Киркоровты «тәжінен» - халық әртісі атағынан айыруы мүмкін

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Киркоров бас бостандығынан ғана емес, халық әртісі атағынан да айырылуы мүмкін. Жұлдызға қарсы мұндай жазалау шарасы Мәдениет министрлігінде сөз болды. Әншiнің өзі өкіне отырып, бұрыннан психикалық ауруы бар екенін, тіпті шет елге емделуге бара жатқанын мойындады, деп хабарлайды Вести. Ру.

Киркоров мойындады. Әйел соққыға жығылған. Бірақ БАҚ-та айтылып жатқандардың бәріне бірдей сенуге болмайды. Тіл тигізген. Бiрақ баспасөз гулетіп жатқандай, соншалықты өкпелейтiндей дәнеңе жоқ. «Мен аурумын», -деп мойындады әнші өз сайтында:

«Өкінішке қарай, ұзақ уақыт бойы мойындауға өзімнен қорқып келген жайтты айтуға мәжбүрмін. Қатты сырқат сияқтымын. Дертім жылына екі мәрте қозады, соның салдарынан ештеңе есімде қалмайды және не істеп жатқанымды білмеймін. Бұдан өзім де қорқамын. Жақсылап емделу керек екенін енді ғана түсіндім. Мен Марина Яблокованың жеке өзінен және көпшілік алдында кешірім сұрағым келеді. Болған жайға қатты өкінемін. Өмірдегі мұндай жағдайдың салмағы ауыр екенін түсінемін, бірақ мен үшін бұл жақсылап ем қабылдау үшін беріліп жатқан белгі. Шын мәнінде ондай адам емес екеніме сендіремін», - дейді ол.

Шет елге емделуге бара жатқанын Киркоровтың өзі мәлімдеді. Жұлдыздың қорғаушысы Татьяна Акимцеваның әртіс қазірдің өзінде Ресейде жоқ екенін растады.

Кейбір деректер Марина әншінің үстінен арыз беріп қана қоймай, Киркоровтың жағдайды бейбіт жолмен шешу туралы ұсынысынан да бас тартқан. Мұның зардап шегушінің қорғаушысы Сергей Жорин де растап отыр.

«Біз Филипп Киркоровты қылмыстық жауапкершілікке тартуды қолға аламыз», - дейді ол.

Қылмыстық жазадан бөлек, Киркоров Ресейдің халық әртісі атағынан айырылып, моральдық тұрғыдан да жазалануы мүмкін. Президенттің өкіміне сәйкес, мәдениет қайраткеріне қылмыстық іс қозғалған жағдайда оның атағы күшін жоюы мүмкін.