Ресейдің Мурманск қаласында поляр түні басталды

None
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат. Мурманск қаласында 40 күнге созылатын қараңғылық түсті. Қалада поляр түні басталды. Аймақтық гидрометорталығында хабарланғандай, күннің көзі бұл жерде 11 қаңтар күні пайда болады.

Алайда осы аймаққа толық жарық күндер тек наурыз айында келеді. Мурмансктан басқа, Ресейдегі поляр түндерін Норильск. Воркута, Нарьян Мар және Жаңа Уренгойдың тұрғындары бақылай алады.