Ресейдің Мурманск облысында «доңыз тұмауынан» мектеп карантинге жабылды

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Ресейдің Мурманск облысындағы Мурмаши кентінде №1 орта мектеп карантинге жабылды.

 Оқушылардың біріне  «A/H1N1 тұмауы»  алдын-ала диагнозы  қойылып  отыр,    тағы 16 оқушыдан  дәрігерлер    аурудың      күдікті  белгілерін анықтаған,    деп хабарлайды   РосБизнесКонсалтинг    агенттігі.

Ресейдің мемлекеттік  санитарлық дәрігері Геннадий Онищенконың айтуынша,    оқиғаның  мән-жайы толық анықталғанша мектеп  карантинде  болады.    Мектепте  барлығы  484  оқушы оқиды.  Дәрігерлер   оқушылар мен олардың ата-аналарын және    мұғалімдердің барлығын   бақылауға алып отыр.

Ресми мәліметтер  бойынша,  қазір Ресейде «доңыз тұмауына» шалдығудың  381 оқиғасы  тіркелген.