Ресейдің Нижегород облысында өрт салдарынан сегіз адам қаза тапты

None
АСТАНА.  Қарашаның  3-і. ҚазАқпарат -  Ресейдің  Нижегород облысының Балахна қаласында  қайғылы оқиға  орын алды. 

Тұрғын үйден  шыққан өрттің салдарынан  8 адам қаза тапты,  деп  хабарлайды «РИА «Новости» агенттігінен.

 Аймақтық  төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінің  басшысы   Светлана  Петрованың    хабарлауынша,  «өрт туралы  хабар   түнгі сағат 00.51-де  түскен.  Сегізпәтерлі   ағаштан салынған   тұрғын үй  өртенген.  150 шаршы метр ауданға жайылған   өрттің салдарынан        үйдің  шатыры  ортасына түскен».