АСТАНА. ҚазАқпарат - Еркін күрестен 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Хаджимурат Гацалов және дағыстандық маман Маирбек Юсупов Қазақстан құрамасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан күрес федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, Еркін күрестен Қазақстан құрамасын бұған дейін тағы бір ресейлік маман Сергей Белоглазов жаттықтырған. Ол дайындаған қазақстандық балуандар Рио олимпиадасында медаль ала алмаған. Осыдан кейін Белоглазов отставкаға кетті.
Ал енді келген маман еркін күрестен әлемнің бес дүркін чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының чемпионы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан балуандары 10-14 мамырда Делиде (Үндістан) өтетін Азия чемпионатына қатысады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.