Орталық банктің Амур облысы бойынша бас басқармасы бастығының орынбасары үш қызметкерді атып тастап, содан кейін өз өміріне өзі қол салған. Бұл туралы Ресей тергеу комитеті аймақтық тергеу басқармасының өкілі Алексей Лубинский хабарлады.
Қайтыс болғандардың арасында екі әйел адам мен бір ер адам бар. Әйелдердің бірі банк басқармасы бастығының орынбасары, екіншісі - банктегі бөлім бастығы болып жұмыс істесе, ер адам банк басқармаларының бірінің бастығы қызметін атқарған.