«Пермь өлкесіндегі Сарс кентінде бір оқушы мектепке қару алып келген. Ол төбеге бір рет оқ атып үлгерген. Оқиға кезінде оқу орнында тек қана күзетші әйел болған, ол зардап шеккен жоқ», - делінген дереккөзде.
Мектеп оқушысы ұсталды. Оның бұл әрекетінің себебі анықталып жатыр. Оқ атылған қарудың түрі де анықталуда.
ТАСС ақпаратын Ішкі істер министрлігінің Бас басқармасы растады.
Айта кетейік, осыған дейін Перьм қаласындағы университтет атыс болып, 7 адамның мерт болғанын жазған едік.
Осы оқиғаға қатысты Қазақстанның Білім және ғылым министрі пікір білдірді.