Бұдан бұрын Соликамск шахтасындағы апаттан қаза болған сегіз адамның денесі табылғаны хабарланған еді.
«Тоғызыншы жұмысшы алдыңғы алты адам табылған жерден анықталды», - деді штабта. Мәлім етілгендей, кеншілердің денелері әзірге жер бетіне шығарылған жоқ.
Шахтада соңғы өрт ошақтары сөндіріліп жатыр.
Еске салайық, сенбі, 22 желтоқсан күні Мәскеу уақытымен шамамен сағат 10.04-те «Уралкалий» компаниясының Соликамск шахтасында өрт шықты. Барлығы кеніште 17 адам жұмыс істеп жатқан. Олардың сегізі жер бетіне дін аман шыға алды.