Ресейдің Приморье өлкесінде Су-25 шабуылдаушы ұшағы құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Приморье өлкесінде Су-25 шабуылдаушы ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш секіріп үлгерген. Апаттың себебі қозғалтқыштың істен шығуы болуы мүмкін, деп жазады РБК.

Су-25 шабуылдаушы ұшағы Приморье өлкесіндегі Черниговский ауданы Черниговка әуежайының маңына құлады. Бұл туралы ТАСС-қа құқық қорғау органдары хабарлады.

Агенттіктің сұхбат берушісінің айтуынша, пилот жерге түсіп үлгерген. Алдын ала деректер бойынша ол зардап шекпеген. Оқиға салдарынан құрбан болғандар жоқ.

Алдын ала деректер бойынша, ұшақтың қозғалтқышы істен шыққан.