Ресейдің Рязань облысында ішімдік сатуға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі Рязань облысының аумағында ішімдік сатылмайды, деп хабарлайды өңірлік портал.

25 қаңтарда Ресей студенттері күні аталып өтеді. Соған байланыста облыстық үкімет ішімдік өнімдерін сатуға тыйым салған.

Ішімдіктің бөлшек саудасы тек қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсететін жеке кәсіпкерлер мен ұйымдарда ғана жүргізіледі.