Оқиға сенбі, 11 ақпан күні күндіз болды. Жедел жәрдем станциясы қызметіне денсаулық жағдайы нашарлап жатқан азаматқа көмек қажеттігі туралы шақырту түскен.
«Оқиға орнына арнайы бригада шығып, пәтерге 27 жастағы фельдшер кірген. Ол пәтерге кіре саласымен артынан есікті жауып тастап, 5 ер адам фельдшерге шабуылдаған»,-деп хабарлады басылымға әңгімелесуші.
Фельдшер бұзақылардың қолынан сытылып шығып, жуынатын бөлменің есігін ішінен жауып үлгерген. Сол жерден ұялы байыланыс арқылы құқық қорғау органының қызметкерлеріне хабарласқан. Шабуылдаушылар бұл мезетте жуынатын бөлмеге есікті бұзып кірмек болған. Полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстады. Фельдшерге психологтар көмектесуде.