Ресейдің Саян-Шушенск су-электр стансасында жарылыс болды

АСТАНА.  Тамыздың  17-сі.  ҚазАқпарат - Ресейде  Саян-Шушенск   су-электр  стансасында  гидроагрегаттардың бірін  жөндеу   кезінде   жарылыс  болып,  машина  залына су  ақты.


Оқиға салдарынан   қаза тапқандар бар,  деп   хабарлайды  ҚазАқпарат «Вести» телеарнасына  сілтеме  жасап.

 Қазір оқиға орнында  жедел қызметтер жұмыс істеуде. Алдын-ала мәліметтер бойынша,    үш  адам қаза тапқан.  Апаттың салдарынан  өңірдегі бірнеше зауыт,  оның ішінде Маян және   Хакас   алюминий зауыттары  жарықсыз қалып  отыр.

 Жарылыстың салдарынан  қабырғаларға   жарық түскені, бірақ   бөгеттің  бұзылу    қаупі   жоқ  екені   хабарланып  отыр.