Түн ішінде Мәдениет үйінің жанында тұрған алып қоңыр аю жұрттың зәресін ұшырған. Алайда тұрғындардың бірі аюдың шынжырлаулы екенін байқаған. Абырой болғанда қалаға цирк келіп, қолға үйретілген аю таза ауа жұтсын деп көшеге шығарылып, байланыпты.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мурманск облысының Североморск қаласының тұрғындары қала орталығында қоңыр аю жүргенін көрген, деп хабарлайды қалалық жаңалықтар порталы.