«Бүгінгі күнде қайтыс болғандар саны – 24 адам», - деді прокурор.
Бұған дейін 18 адамның көз жұмғаны туралы хабарланған.
7-14 қазан аралығында Екатеринбургтің Чкалов ауданында бірнеше адам азаматтарға метил спиртін өткізген. РФ ҚК 238-бабы 3-тармағы («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауарлар мен өнімдерді өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.