Бұл туралы РФ ТЖМ баспасөз қызметі сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Ресейдің 9 субъектісіндегі 560 елді мекен электр жарығынсыз отыр. Тәулік ішінде алты субъектідегі 813 елді мекенді электрмен қамтамасыз ету қалпына келтірілді», - деп мәлімдеген ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, табиғаттың тосын мінезінен Ресейдің 19 өңірі зардап шекті. Алапат дауыл 120 тұрғын үйдің және әлеуметтік маңызы бар 30 нысанның төбесін ұшырып, 90 автокөлікке зақым келтірді.
Апат салдарын жоюға 3,5 мың адам, 1,1 мың техника жұмылдырылған.