Ресейдің Тверь облысында қарттар үйі өртеніп кетті: 9 адам қаза болды

None
АСТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Ресейдің Тверь облысында қарттар үйінде болған өрт кезінде 9 адам қаза болды. Бұл туралы РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Орталық өңірлік орталығынан хабарлады.

Өрт оқиғасы салдарынан бір адам зардап шеккен, ол ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Вышний Волочек қаласындағы қарттар үйінің өртеніп жатқаны туралы хабар төтенше жағдайлар қызметіне сағат 05.05-те түскен (мәскеу уақыты бойынша). Сағат 05.30-да өрт ауыздықталып, 480 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.