Тағы бес адам Таганрог ауруханасына жеткізілді.
«Тағы бір адам ауруханада көз жұмды», - деді Андрей Лисицкий.
Қала әкімшілігінің мәліметтерінше, төрт адам реанимацияда жатыр. Әкімшілік өкілі науқастардың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты.
Ростов облысы Неклиновский ауданы Дмитриадовка ауылында тазарту құрылғыларында жұмыс жүргізу барысында жеті жұмыскер қайтыс болғаны бұған дейін хабарланған болатын.