Ресейдің Ярослав облысында құлаған шағын ұшақтан иттің мүрдесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Ресейдің Ярослав облысында апатқа ұшыраған жеңіл моторлы ұшақтан иттікі деп болжанып отырған жануардың мүрдесі табылды, деп хабарлайды ТАСС.

"Ұшақтың апатқа ұшыраған орнынан қаза тапқандардың денелерімен бірге кішкентай иттің күйіп кеткен мүрдесі табылды, ол ұшақ кабинасында болған деп болжануда", - деді Ресей ІІМ басқармасының баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, 13 маусымда жеңіл моторлы ұшақ Ярослав облысының Пурлево деревнясының маңында апатқа ұшыраған. Ол құлаған бетте жанып кеткен, салдарынан ұшақ ұшқышы және жолаушысы деп шамаланып отырған екі ер адам қаза тапты. Оқиға бойынша тергеуалды тексеру басталды, ұшақтың құлау себептері әзір анықталған жоқ.