Ресейдің Югра өлкесіне 62 градустық аяздар келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханты-Мансийск автономды өлкесіндегі Үлкен Ольховск кен орнында өңір үшін рекордты температура - Цельсий бағаны бойынша -62 градус тіркелді.

Бұл туралы Ресей Жаңалықтары агенттігіне аймақтың қоғамдық және сыртқы байланыс департаментінің директоры Елена Шумакова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, аяз салдарынан Ханты-Мансийск автономды өлкесінде мектептерде сабақтар тоқтатылды, ал әуежайларда рейстердің ұшырылымы кешіктірілуде. Ауа температурасы тек жұма күні жылынады деп күтілуде. «Небәрі 30 градус аяз! Крым деуге болады!», - деп қалжыңдады шенеунік.

Ресей бойынша абсолютті рекорд 1938 жылы тіркелді. Ол кезде Якутияның Оймякон кентінде -77,8 градус аяз болды.