Бұл туралы журналистерге ректорлар кеңесінің төрағасы Владимир Васильев мәлім етті.
Тамыздың 21-інде ресми аяқталған оқуға қабылдау науқанының қорытындысын шығарған В.Васильев мырза, бұл үдерістің биыл тым ұзаққа созылғанын атап көрсетті. «Оқу жылының басталуына 10 күн қалғанда ғана студенттерді қабылдау науқаны аяқталып отыр. Оған қоса, Біртұтас мемлекеттік емтиханның өзіне де, нормативтік-құқықтық базаға да талдау жүргізу керек»,- деп мәлім еткен В.Васильев мырза, Петербор ректорларының кеңесі осыған байланысты бірқатар сындарлы ұсыныстар әзірлеп отырғанын жеткізді.
«Студенттерді бір толқынмен, яғни бір мерзімде қабылдауға оралу керек, деп санаймын. Студенттердің қажетті санын жинай алмаған оқу орындары, содан кейін қосымша қабылдау жариялай алады»,- деп атап көрсетті кеңес төрағасы.
«Бұл шараның институттарда бюджеттік орындардың «бос қалуына» жол бермес үшін қажет, себебі кейбір студенттер «бір оқу орнынан екіншісіне секіріп жүр». Ондай талапкерлер көп емес, біздің қалада бірнеше жүз тіркелген, бірақ бұл жүздеген бюджеттік орын», - деді В.Васильев өз сөзінде.