07:51, 25 Наурыз 2009
Ресейдің журналистер одағы өз полициясын құрғалы отыр
МӘСКЕУ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат - Ресей журналистерінің одағы өз әріптестеріне жасалған қастандықтарды тексеру бюросын құруда.
Бұл туралы Журналистер одағының бастығы Всеволод Богданов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. Ресейде соңғы 10 жылда 257 журналист қаза болған, бірақ ол істер бойынша қылмыстардың тек 10 пайызының ғана беті ашылған.